Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  126


Автор: Айнұр Төлеу

Аспандағы қоштасу

Көк аспанның көкірегі гүр етті,
Аяп кеттім аспандағы жүректі.
Күркіреген күннің дауысын бір естіп,
Жердің бетін жасын қарыды,
Дір етті!
Көшеде едім,
Ал көшеден әр қашты!
Сан мың тамшы тас-тағдырмен арбасты!
Сені қайдам, су астында қалдым мен
Кезге өкпелеп кезіктірген алғашқы.
Тас көшеде тек тамшыға тұрақ бар,
Көмейіме көміледі сұрақтар.
Біз секілді аспан жақта, әнекей,
Қоштасады бұлттар – ұлы мұраттар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу