Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.01.2022
2174
Қарағанды мекенім
Қарағанды
–
ата -
қоныс, мекенім,
Әлемге
әйгі кен ордасы екенің,
Елдігіңе, ерлігіңе жұрт риза,
Қайда
жүрсем, саған тағзым етемін.
Сарқылмайтын қазынасы көмірдің,
Жалын атты сенде де оты өмірдің.
Көркем көше, көрікті үйлер, көк мұржаң
- Қайда
жүрсем, қуанышы көңілдің!
Сан жарыста оза шауып, ерледің,
Ешқашан да қолдан намыс бермедің,
Байқонырдан аттандырып ғарышқа
, Құшаққа
алдың космостың да ерлерін.
Енді міне химия кеп араңа,
Ендірмекші сән
-
салтанат қалаңа,
Жүз өзгеріп, мың құбылған керемет,
Әкелмекші
ырыс
- байлық далаңа.
Қарағанды
–
абзал алтын бесігім,
Кетсін тағы әлемге бір есімің,
Химиялық бұйымдарға –
жасыл жол!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter