Әңгімелер ✍️
Өлген адам
Оң жақ иығынан кертілген әжімды ай шалқалап туды. Мен зираттың ішін аралап шықтым. Қанаттас жатқан қос моланың шетін ала жусанықатпаған алаңға келіп отырдым. Алыстан жез қоңыраудың сыңғыры естілгендей болып еді, жақындап келді, діңкесі құрып шаршаған жылқының әлсіз пысқырнуын ұзақтан айыра алатын едім. Жануар сарпалдаң жүрістен иленген терідей созылған түрі бар.
Ай сәулесі аймалаған қасқа жолда атты адам көрінді. Жақындап келіп зиратқа бұрылды. Өзіне үнсіз көз тігіп отырған өзгені байқамаған сияқты. Қасымнан өте беріп, қорғаны биік төрт құлақты тас молаға беттеді.
— Қайдабарасың, мұнда келсеңші, — дедім мен дауыстап.
Ол атының тізгінін іркіп тоқтады. Мойнын бұрып қарады да, үнсіз атынан түсті. Ердің артқы қасынан қанжығадағышідерін шешті де, атын бекітіп, ауыздығын алып, шылбырын ерге айландыра тастады.
— Шу, — деп атын сауырынан қағып қалды.
Ат жылжып қос моланың ортасындағы ашық тұстан гүртілдетіп шөп жұла бастады. Ол атының соңынан сәл қарап тұрды да, маған қарай жүрді.
— Зиратқа негебұрылдың, шырағы жарқырап қала қасыңда тұрса? — дедім мен.
— Жәй болып кетті-ау деймін, — деді әлгі адам, жақындай беріп кідірді, — шаршап қалаға кірсем, кім қарсы ала қояды, осында мызғып алып таң ата жүрсем... Өзіңне қылғанжансың?
— Онда асықпа, жайланып отырайық. Мен осында зиратқа түнеушілерден ақы аламын. Жігіт қарсыма маған ұқсас малдасын құрып отырды.
—Қалаға кірсе табан ақы алады деуші еді, одан өзгені де естиді екенбіз-ау...
— Енді соны көретін болдың.
— Ол жақтың да өзгеріп жатқаны ғой, асып кетсе орнынан аунап түседі деуші еді. Енді, міне, тұрып та кеткен екенсіздер, — деді жігіт.
Айдың нұры оның қалың қасын түкситіп, шұңғыл көздеріне көлеңке түсіріп тұр.
— Қайдан, сіздерде бәрі болып жатса, біз неге қарап қалайық. Бәріміздің жетер жеріміз осы ғой, — дедім мен.
Ол менің жайымды біліп отырған түрі бар.
— Мұндағылар да көбейіп қалды, — деді жігіт зиратқа қарады, — баяғыда сай-саладан көруші едік, енді төбе-төбе болып бір жерде жататын болды, мұнда, сірә, не сыр бар?
— Қайдан бұйырса да, астаудай жер керек қой. Төбесінде ай қалқыған қаздау-қаздау төбешіктер қоңыр күңгірттік құшып жатқан.
— Менен алсаңыз, қалағаныңызды берейін, — деді жігіт.
Ол менің зиратқа қараған назарымды бұрды.
— Мен осында келгелі жартығасырөтіпті, содан бері нелер қызық болған шығар, мен түсінер бір әңгіме айтсаң қайтеді.
Ол ойланып қалды, ойына әлдене оралса керек, сөз бастай алмай сәл бөгелді.
—Ол тұста мен екі-үш жастың шамасындамын ғой, кейінен айтқандарым ұнамас па екен?
— Былай, бауырым. Өмірде көптеген істер ұқсап жатады екен. Әлі есімде, осында мені әкелген күні басыма қояр тас таба алмай, баламның сөнер күнде дөң басында отырып көп қиналғаны. Міне, енді көріп жүрмін, тас табылса да, сол уайым осында келген талайдың басында болады екен. Содан аңғардым: Олардың бәрі тас бетіне түсер жазудыңақаусыздығына ден қойса керек. Өз басым соны дер шағында аңғармаппын.
— Ол менің сөзімді ұйып тыңдады.
— Айтпас па екенсіз, ол, сірә, не нәрсе, шыбын жан деген не? — деп қалды жігіт, кенеттен көзінен оты жарқ етті.
— Ол, бір бейне.
— Солай ма, мен оны ер үстінде аңғарған едім.
— Бұл мүмкін емес,— дедім мен, — кең тыныстамас бұрын оны ешкім де байқай алмайды.
— Мен оны ат үстінде отырып аңғардым, өмір бойы тақымымның босамағаны мықтап есімде қалыпты. Ер үстінде отырсаң ғана еркін қиял құша аласың ғой. Қырыққа ілінгенсол күні уақыттың әлдебір бөлектерге айырылып кеткенін, оны еске түсіру арқылы сезуге болатынын дамылсыз қайшылаған атымның құлағына қарап отырып аңғарғанмын. Сонда мен қыстау мен жайлау турасындағы түсініктерден тас түйін арылған едім.
— Ол сенің ешқашан қиялсүрмейтініңді, өзің турасында ойламайтыныңды аңғартады. Сол күні сен өмір бойы ұласып кеткен уақыттың уысындағы тірлігің үстінен өзіңді көргенсің, тек сол ғана, оның арғысы баяғысындай қала берген.
— Күнбе-күн жалғасқан өмірде уақыттың әлгіндей жарығынан бас сұққанымда аңғарғанымды өзіме сырлы түйілген сол дүние есебінде көріп жүріппін, сонда қалай, уақыттың да өлшем бола алмағаны ма?
—Оған еш нәрсе өлшем бола алмайды. Сондықтан да баламның неге қиналғаныненді түсініп отырмын. Уақыттың өзін ақырластырардабылын қаққан шағы —жер бесігіңе бөленіп тыныш қалғаның да, сен өзгенің аяғы өзіңнен қырық қадам ауашаға түскен шағын еске түсірумен ғана есіркей аласың.
Ол басын төмен салып, қамшысын қамти ұстап отыр. Кенет, шалбарының балағын қамшымен қағып қалды.
— Тіршіліктің күн санап өтерін білемін, азалы шақтың қашан да қасымда екенін аңғармаппын. Еске түсірмей отыра алмаймыз ғой.
— Бірақ, өтер күнді күміс теңге есебінде санап салуға болмас. Теңгенің беті қашанда ұқсас, ал әр күннің өз есебі өзінде. Оның ұқсап кеткенкезі болған емес, содан қаулап жатқан тіршіліктің оты және сол еске түсіру арқылы жанады.
Екеуміз де үнсіз қалдық. Ол ұзағырақ ойлап кеткен тәрізді. Оның орнында отырсам, мен де қапаланар едім, өзім табан тіреген дүниеде сынаптай сырғыған тірлігімнің дерегін таппай дал болармын, ал ол болса, соның кебін киіп отыр.
— Шырайланған дүниеде уақыттың да тұсалар шағы болады екен, сонда мәңгілік не болғаны?
Ол да соған тірелді, жер басып жүрген шағында адамдар шырқап кетсе, соған дейін баралады екен-ау.
— Мәңгілік нәрсе болмас, егер болады десек...Менің сөзімді зират арасынан шыққан айғай-шу бөліп кетті. Боз шымылдықтай тартылған ай нұры астында, біз дауыс шыққан жаққа қарастық. Зираттың ортасында біреулер керкілдесіп жатқан сияқты. —Ол ненің шуылы? — деді жігіт.
— Қабыл мен Ыбырай ғой, — дедім мен, —түн ортасы ауған екен, олар тағы бастапты.
— Ұрысыпжатыр ма?
— Иә, ұрысып жатыр.
— Онысы несі, мұнда да ұрысатын ба еді, өшпеген не кек ол? —жігіт жүзін маған бұрып, сұраулы жүзбен қарады.
— Мәңгілік нәрсе қажет болса, ол біреу-ақболар. Мен білсем, еске түсіру ғана мәңгілік.
Ұрыс-керістің үні анық естіле бастады. Өткендегі ұзақ түндерге ұқсас олар тағы бәрін қайта бастап, жұлысып жатыр. Бой үйренген тыныштықтың ебі қашып, бұл маңнан үркіп кеткен түрі бар.
— Олар осында келгелі беріайтсақ, ондап қыс пен жаз өтті. Алдымен Қабыл келді. Осындағы жұрт ол жөнінде ауыз ашудан қорқады. Жұрт жиылып тірліктегі қызықтарын еске түсіріп, түн қойнында зират ортасын дыр-думанға бөлеп жатқанда да, оның онымен жұмысы болған емес. Бөлектеніп, қапысыз қара түнде ауашаланып отыратын. Соңынан Ыбырай келді, оған жиналған жұрт араларынан Қабылды көрді. Оның тіс жарып сөйлегенін де жұрт сонда көрді. Онысы қамаулы аңның үніндей жарықшақтанып, төбеңді шымырлатып, сөдегей ойға жетелейтін.
— Дұспаным да келді, мен оны тосқаным қашан, біз енді тең тұрып алысатын болдық, —деп қолын аспанға жайып, кеңкілдеп күлді Ол.
Сол түннен тартып олар жұлысып кетті. Даулары біткен емес, осынау күнсіз ортада, біз олардың керісін мәңгі көріп өтетін ұқсаймыз.
Жер басып жұрген шағында олар бір атаның баласындай тату да болған. Ыбырай ауыл бастығы болып тұрғанда, Қабыл ауылда дүкен ұстаған. Олардың ортасындағы талас дүкенге түскен жалғыз тал қаламнан басталған түрі бар. Сол күнде қолға түспейтін асылдан да құндырақ қаламды Қабыл өз қойнындақалдырса керек. Соны білген Ыбырай Қабылды кінәләп, жер аудартқан. Қабылдың сонда үйінде қалған жас әйелінің құрсағындағы бала әкесінің жүзін естияр болғанша көрмей өсіпті.
Сонда Ыбырайдың бар айтқаны:
— Қаламныңне теңі ол, қиянатшы неме, өлемқапсын, — деген екен.
— Сіз айтпасаңыз есімнен шығып та кетіпті, — деді жігіт менің сөзімді бөліп, — бұл күнде қалам жөніндегі сол күннің естен шығып қалғанынан ба екен, кейбіреулер біздің Айнабастауды да өзінікіндей сырыттай малданып жүр. Әйтеуір, есеп айрысқан күн әлі туған жоқ.
Оның ойына әлде не түсіп кетсе керек. Мен сөзімді ары жалғадым:
— Біраз жыл өткен соң шамырқанған даланың ыстығы үй ішіне ұмтылғанда, түс әлеті болатын. Әйел тентек ұлын үйді-үйді ақтарып таппай қойды. Ауладан да ұшырата алмады. Бала солтұста қыстақтың ортасында мәуесі кең алапты отарлап жатқан алып қарағаштың жеті салалы бұтағының біріне асылып, құс ұясына қол салуға оқталған болатын. Баланың назары ағаш түбінен өтетін жолға ауды. Ол әсілі қыстақты батыстан шығысқа қарата кесіп өткен май топырағы қопсып жатқан жол болатын. Бала ағаш басында отырып үстіне шымқай қара киген адамға ақ киімді адамның қарсы келгенін көрді. Түскі ыстықта жан біткен үйді-үйіне тығылған. Маңайда жан баласы шалынбайды. Тек шегірткенің дауысы ғана дала тіршілігініңқуаң әуенін әкеледі.
— Қабыл қайтып оралады, жетім мен жесірдің көзі ашылатын күн туса керек, сен соны ойламаған да шығарсың.
— Мен дегенімді істедім, сол да жеткілікті.
— Енді күнің не болар екен, жазықсыз жазалатып едің.
— Қолынанкелсе ол да тартқызсын. Бірақол өйте алмайды, үстедмік әлі менің қолымда, тек аяғын аңдып бассын!
Бала екеуінің сөзін анық естіді. Олар үстілеріне жамылған жалаң жамылғысын жұлып алып, бір-біріне төніп келісті. Бала Ыбырайды және өз үйлеріне келіп есендік сұрасып тұратын Қалиды таныды. Әлгі екеуі одан ары тіл қатысқан жоқ. Төне қарасып тұрды да, екі жаққа кетті, үстілерінен түскен жамылғы ақ-қара болып жерде бірге жатыр. Бала шаңдайақтатып отырып үйіне жетті. Шешесі нан илеп жатқан еді, бала есіктен кіре дауыстады:
— Шеше, аяққаптан қайрағымды әперші, біздің үйге әкем келеді, әкем, — деді ол.
Шешесі сонда тосын келген жаңалықтан мелшиіп тұрып қалған. Күн батар алдында аулада үйілген тезек жалындап жанып жатыр. Бала табаға нан салған шешесінің қасында тұр. Ағаш қақпа солқылдады да, аулаға Қали кірді. Иығына көтерген кетпенін түсіріп, от басына келді. Шалбарының балағын түріп алған, жалаң аяғы сауыттанған, батпақ.
— Жеңеше, Қабыл аға қайтып оралатын болды. Басшылар қалаға барып алдынан шығуға мені бұйырды. Ертең ертемен аттансам, күн бата оралармыз. Естіген заман сізге жүгірдім, — деді Қали.
Әйел лаулаған от қасында баласын бауырына басып үнсіз тұр. Жүзін жалынға беріп, соған тесіле қараған. Ол сумаңдаған қызыл жалын ішінен бір бейнені көргендей болды. Баланы бауырына мықтап қыса берді.
— Жоқ, жоқ, мен сенбеймін, бәрі жалған, — деді әйел.
Қабыл қайтып оралған соң, жұрт бәрін де түсінді. Өткендегі сыршыл жан томаға-тұйық кем сөзді біреуге айланған-ды. Ау бастағы өзгеріс оған ілесіп келген ақ иттен көрінген. Қабыл жалғыз кетіп, қайтып оралғанда осы екі құлағын шұнтитып кескен, ұзақ күнде мыңқ етіп үрмейтін итті ертіп келген еді.
Қыстақтағылар Қабылды аз көретін. Таң атып, күн шығар сәт пен күн батып, көкжиек қызыл арайға бөленер мезгілде ғана ол қыстақтың кіндігіндегі әлгі алып қарағаштың түбінде отыратын. Көзін алысқа, аспаның жиегіне қадап үнсіз қалатын. Жанарында әлдебір жалындап жатқан оттың шубатылған алауындай қызыл рең көрінеді, сонда оның қасында қарағаш түбінде құйрығымен жер соғып арпалысқан әлгі ақ ит айналсоқтар ұлиды да тұрады. Үні ұзаққакеткен иттің дауысы адамның санасында үрейлі елестер тұғызатын еді.
Жұрт Қабыл мен Ыбырайдың бетпе-бет келгенін көре алған жоқ. Қабыл баяғысындай ағаш түбінде қалы да, Ыбырай ұлыған иттің зарында құлағын мықтап басып, жастықтан басын ала алмады. Сол күннен соң қайтып тысқа да шыққан жоқ...
Бойына ақ сағым жинаған ай қырдан асып, қарауытқан дөңнің тасасына түсті. Зират үстіндегі уда-шу керістің үні толастап, тұншығып кеткендей болды. Біз өшіп бара жатқан үнге құлақ түре қалдық.
— Шаршаған ұқсайды, дауыс басылып қалды, — деді жігіт.
— Олар шаршағандықтан емес, — дедім мен, — енді жер бетінде басқа тіршілік оянады. Ал олар ертеңгі күнді зарыға күтуге кетті.
Сол тұста ыңырсыған сиқырлы жел де шықты. Бұл зират арасындағы әр түп шидің өз әнінде бебеулеген үні болатын.
— Таң атайын деді ме?
— Таң алдының ессіз қараңғылығында отырмыз, көп ұзамай шолпан туады, — дедім мен.
Шоғырлы зират арасынан көрінген қара көлеңке жақындай беріп танылды. Шылбырын сүйреткен ат иесін танып оқыранды. Жігіт орнынан тұруға ыңғайланып, сипалап жүріп, шөр арасынан қамшысын тауып алды.
— Мен айтпаған сияқты едім, қалай аңғардың? — дедім мен.
Жігіт орнынан тұрып, анда-санда басын көтеріп қойып, жайылып тұрған атына көз салды да, бұрылып маған қарады.
— Сізді көргенен түйдім! — деді жігіт, — бұл жолмен көп жүргенмін, күндіз мал өргізіп қабыр біткенді тұяққа таптататын жандар түнде зират ішінде жүрсе, жай жүрмес, — деп қауіптеніп едім, соңынан, әуелгі ойыма күмәнім қалмады. Ол атына қарай кетті. Мен орнымнан тұрып зиратқа қарай жүрдім.
Ол атын жетектеп әлгінде біз отырған орынға келген болуы керек. Жапырылған шөптен басқа еш нәрсені көре алмаған соң, қарауытқан зират ішіне қарап тұрған шығар. Бірақ ол еш нәрсені көре алмайды. Жер бетінде адамдар әне солай, олардың көзі жарыққа үйренген. Қараңғылықтан жарыққа көз тастаудың ғанибет екенін аңғармаса керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter