Өлеңдер ✍️

  02.01.2022
  154


Автор: Қайрат Ахмер

Мәңгілік сағыныш

Мекен етіп туған ел қалашығын,
Аман-есен жүрмісің, қарашығым?
Ару едің ақ қанат, ақ періште,
Қондырмаған арына қара шыбын.
Аман-есен жүрсің бе, қарашығым?

Сен қырда өскен гүл едің бұлғақтаған,
Мен қырда өстім жүзімді күн қақтаған.
Алатаудың төкпелі нөсеріндей,
Сағыныш бар көзіңді құрғатпаған,
Сен кырда өскен гүл едің бұлғақтаған.

Мен көргендей ауылың қош аман ба,
Қол жетпейді, дариға-ай, қашағанға.
Ағыл-тегіл жыр жазып дүркіретем,
Өзіңді аңсап көңілім босағанда,
Қол жетпейді, дариға-ай, қашағанға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу