Өлеңдер ✍️

  30.12.2021
  184


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Ғажайып сәт неге қысқа сонша, әттең...

Ғажайып сәт неге қысқа сонша, әттең,
Қарадық та қызығына тоймадық.
Бір көргеннен жалт қарастық, сол сәттен
Қара көзбен сиқырлы ойын ойнадық.
Жаңа мінез – жастық өбіп түнімен,
Жарық таңда жан боп туып үлгілі,
Шақырымнан қара көздің нұрымен
«Сенікімін» деп сөйледік бір күні.
Көңіл босап, аяулы боп түріміз,
Көрейінгі деген оймен бір анық,
Қарыс жерден бірімізге біріміз
Жете алмайтын жандардай боп жыладық.
Жан толқытып тік керілген қас пенен
Ерініңнен үлбіретіп күлкіңді
Тұрғаныңды тіл жеткісіз асқақ ең
Асқақ едің сұлулықпен бір түрлі.
Сол сәтті мен қаншама рет ойладым
Қанашама рет айттым оны отты үнмен?!
Қара көзбен сыйқырлы ойын ойнадым,
Одан артық қызық көрген жоқпын мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу