Шығармалар ✍️
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Қазақ қоғамында қаржылық сауаттылық өте төмен. Тіпті, жоқ деуге болады. Біздің қаражат жайлы тайыз пікіріміз осы мамандыққа деген немқұрайлықтан да болуы кәдік. Түйсігімізде қаржы, ақша атауына қатысты сөзді тек қана бухгалтер ғана айтуы тиіс сияқты. Ал, қазақтың қалыпты түсінгі мынау: ақшаның жүрген жері арам ақшамен жұмыс істегеннің бәрі қу мен сұм. Рас, Совет одағының тұсында да, қазір де ең көп істі болатындар - осы мамандық иелері. Ия, екі қоғамда да ОБХСС пен ҚаржыПол өте беделді әрі сұсты болған&hellip Қаржылық сауатылығымыздан төмендігінен біздің барлық жеке құжатымыз отандық банктердің несие портфелінде ыждағаттылықпен сақталып тұр. Осы сауатсыздық пен білімсіздіктің кесірінен әрбір екінші жерлесіміз жоғарғы пайызды несиеге той істеп жүр.
Еліміздегі қаржылық сауаттылықтың деңгейін анықтауда біз қоғамды 3 топқа бөліп қарастыруымыз керек сияқты. Бірінші топ (мүмкін үстем тап?) - миллиондар мен миллиардтарды айналымда ұстайтын әрі қазынасын Қазақстаннан тыс елде сақтайтындар. Бұлар туралы айта алмаймыз. Оған құлқымыз да соқпайды. Екінші топ: аздаған дәулеті бар адамдар, қысқасы&hellip Олардың қатарында кәсіпкерлер, фермерлер, тіпті шенеуніктер де бар. Ал, үшінші топ &ndash мемлекеттік бюджет пен жалдамалы еңбек нарығынан табыс табатын, сонысынан салық төлейтін, сонысымен әулетін асырайтын қоғамдық армия! Ия, банктерден ең көп несие алып қойғандардың да қалың шоғыры осы топқа жатады. Енді осы топтың қайсына қаржылық сауаттылықты көтерген дұрыс? Арнайы мамандардың нанын тартып жеуге қолымыз қысқа, бірақ, ой қосуға қақылымыз. Біздіңше, алдымен ортаңғы буыннан бастау керек сияқты. Өйткені, отандық қаржы институттарының негізгі тұтынушылары - осы топ. Бір қарағанда бұл топтың сауаттылығы жеткілікті сияқты көрінеді. Анығында, жақында болған девальвацияға дейін біз өзімізді солай сендіріп келіппіз.
Есімізге былтырғы оқиғаны оралтайық. АҚШ доллары қымбаттап шыға келген күндердегі отандық банктерге жасалған «sms-шабуылды» еске түсірелік. Ия, отандастарымыз біз ойлағанан әлдеқайда ауқатты екен. Жұрттың ақшасы жұрттың ақшасы! Бірақ, мыңдаған адамдардың қаржылық сауатсыздығы ресми құрылымдарға емес, ұзынқұлаққа қатты сенетіндігін байқатты. Рас, бір жағынан банк таңдауда анық таңдау жасау керектігін де біліп алғанымыз жөн. Тек, адамдардың өзі таңдаған банктің менеджеріне емес, әлдекімнің ұялы телефонынан жолданған хатқа сенім артқандығы кімді ойлануы тиіс енді? Мүмкін, бұл бұқараның мемлекетке деген сенімі жайлы да ойлануға бастайтын сауал шығар?.. Тағы айтамыз, біздікі - талдау емес, ой тастау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter