Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.12.2021
338
ТІЛЕК
Ауызға ие болу керек расы...
Кеше ғана ауызымнан шыққан сөз,
Бүгін ит боп балағымнан тістеді,
Ал ер болсаң, шыдашы...
Бір мен емес, талай адам бастан кешкен кеп осы,
Біразының аударылды кемесі,
Біразының босап қалды шегесі.
Біраз адам болып қалды бересі...
Дәл сол үшін әлдекімге ренжіген, жек көрген,
Адам өзін кінәламас,
Өйткені
Ешкім сабақ алған емес өткеннен.
Уа, Тәңірім, жығып берер түбі Арға,
Ауызымнан өзімді,
Ертең ит боп қабар сөзді шығарма!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter