23.12.2021
  146


Автор: Нұрхалық Абдырақын

ПЕРІ

Чаң Жияң ұш қысаны жайлы көптеген тамаша аңыздар жұрт арасына тарағаны белгілі. Пері – солардың ішінде кең тараған тарихи аңыз.


Яау Шын аспанның батыс бөлігінде өмір сүретін патшайым. Оның жиырма үш қыз бар еді. Ханшалардың анасы сұлу ғана емес, өте қайсар болатын. Ол қапастағы тоғай сияқты өмір сүргісі келмей, қыздарын ертіп, жердегі көптеген табиғаты көркем орындарға барып қыдыратын. Бірде ол перілермен бірге Дуңхай теңізіне қыдырып келеді. Осы кезде жел тұрып, құйындатып жаңбыр жауып, арты қалың селге ұласады. Таудан аққан су тасқыны мал-жанды түгелдей қырып кетеді. Ал Яау қыздарын ертіп бір үңгірге кіріп, жан сақтайды. Бұл үңгір он екі алып айдаһардың ұясы еді. Айдаһарлар сыртқа шығып, адамдарды жейтін. Сол күні ол айдаһарлар аспанға шығып, ауыздарынан жерге қарай от шашып, адамдарға жамандық жасап жүрген еді, дауыл солардың аузынан шыққан жел еді. Оны байқаған Яау патшайым:


–Айдаһарлар, сендер жамандық жасамаңдар, – дейді. Айдаһар жерге қарап, әдемі, нәзік дауысты бір әйелді көреді. Айдаһар оған тоқтамай, өз тірлігін әрі қарай жалғастыра береді. Яау патшайым ашуланып, найзағайға айдаһардың көзін құртуды бұйырады. Найзағай айдаһарларды өлтіріп, майда бөлшектерге бөліп теңізге тастайды, сонда барып, дауыл тоқтайды. Бірден күн жарқырап, тыныштық орнайды. Бірақ он екі айдаһардың алып сүйектері судың қалыпты ағуына кедергі жасап, су арнасынан асып, Сычуанның кең байтақ жерін су басады.


Осы кезде су тізгіндегіш батыр Үй Хуаңхы өзенін тізгіндеп, өгізіне мініп, пері тауында келе жатқан болатын. Ол енді бірден сары аюға айналып өзенге енеді. Бірақ айдаһардың сүйектері қаттылығы сонша, мұрнын ұрып алып, аузы-басы қан болады. Үй қайтерін білмей, өзінің қасиетті өгізін көмекке шақырады. Өгізі суға секіріп түседі, айдаһар сүйектерін сүзгілеп, өгіз мүйізін майыстырып алады. Содан бері сиыр атаулының мүйізі майысқан екен.


Яау патшайым бұлттың үстінде тұрып, Үй мен өгізге аяушылықпен қарап тұрады, алайда ештеңе істей алмайды. Ол дереу қызметші әйелін шақыртып, оның нефриттен жасалған Жандар кітабын алып келіп, оны Үйге перілерден көмек ретінде бергізуді бұйырады. Кітапта найзағайдың тау тасты жарып, ағаш пен шөптерді өртеп, тауды үшке бөлетіні, бірақ одан шыққан лай тасқын Дуңхайға дейінгі адамдарға аса үлкен қауіп төндіретіні туралы баяндалыпты. Яау патшайым: «Үш қысанның ұзындығы жалпы жеті жүз шақырым, енді осының маңында қоныстанған адамдарға, жүргінші-жолаушыларға және әсем табиғатты бүлдіреді», – деп алаңдап, Яау өзінің алтын алқасын шешіп, өз бойында тағып жүрген жиырма төрт асыл заттарын аспаннан су бетіне қарай тастайды, сонда жаңағы алтындар бірден қасиетті құсқа айналып, адамдарға жол бастап, адамдар мен кемелерді аман сақтап қалады. Содан бері Яау бұл жерге енді қайтып келмеймін дейді. Кейіннен ол көрінісі көз тартатын асқар шыңға айналады, ал оның жанындағы қызметші әйел сан алуан қасиеттер бойында тұнып тұрған ерекше тау шоқысына айналады. Бұл тау шоқылары жылдар бойы бұлтты күндері адамдардың теңізде жүруіне бағдар беріп отырады.


Бүгінде көп адамдар Яау патшайымға алғыс білдіреді. Кейбіреулер оны «сиқырлы шоқы» деп атайды. Теңіздегі адамдарға амандық пен бақыт тілейтін сиқырлы қыздар деп сиынады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу