23.12.2021
412
Ару қызым, 8 наурызға тілек!
Үйіміздің қуанышы, шаттығы өзің,
Бар бақытқа бөлейді көзің сенің.
Құтты болсын көктемнің мерекесі,
Гүл көктемдей жайнаған қызым менің.
Бар жақсыны тілейді әкең саған,
Әрбір күнді жұлдыздай жарқыраған.
Арманың мен мақсатың орындалсын,
Ел алдында абыройың артып бағаң.
Алла өзі жар болып, қолдасын деп,
Жүрем қызым өзіңе тілек тілеп.
Таусылмасын шаттығың, қуанышың,
Деп тілейді өзіңе әке жүрек.
8 наурызға тілек 8 наурызға тілек қызға аруға тілек қызға тілек қыздарға тілек аруларға тілек қыздарға 8 наурызға тілек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter