22.12.2021
  173


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Керемет  ой

Лю Юың(жазбаларынан)


Осындай  тыныштық пен айқай шудың  арасында ерекше бір сезімдер болады,  өмірге, өлімге, махаббатқа, жек  көрініштікке, адам өміріне байланысты  көптеген  ой толқылаулар пайда болады. Оларды немесе таңғажайып ойлар деп атауға болады.


Өлім аузында жатқан адамның атынан айтар болсақ, ол шынымен де осы өмірден кетеді.


Не үшін кетуі керек?


Елге оралған кезде, Нью йорк қаласының бір әуежайында  естен кетпес бір оқиғаның куәсі болдым.


Шамамен жасы 4-5тегі ұл бала анасының ұшаққа мінейін деп жатқанын көріп, өте қатты бар даусымен шыңғырып жылай бастады, тіпті үлкен баланы әуежайдың сыртына шығарсада  ол жылағанын тоқтатпады. Мен әлі де оның «мамам кетіп қалды!  Ол неге кетуі керек?»деп қайталап жылағн       ы әлі күнге құлағымда жаңғырады.


Бұл көп ұзамай  менің есіме басқа бір оқиға түсірді. Қайтыс болған анасы төсекте  жатыр, жақын туыстары мен достары жылап анасынан айырылған баланы жетектеп алып шықты. Сол кезде әлгі бала күтпеген жерден  жылауын тоқтатып: «Анам әлі ана жақта жатыр ғой, біз неге кетуіміз  керек?»,- деп сұрады.


Алдындағы баланың анасы тек ұшаққа отырып кетпекші, ал кейінгі баланың анасы енді оралмайды. Онда не үшін алдындағы баланың қайғысы кейінгі баладан үлкен?


Осы оқиғаны  бір 4-5 жастағы  балаға айтып бердім,және де осы баланың ойын білгім келді.


Әлгі бала ойланбастан былай жауап берді; әрине анам кетіп қалса мен жылаймын,  өйткені ол мені керек етпеді. Бірақ анам қайтыс болған жағдайда қайғырамын, өйткені ол маған керек.


Сіздер осындай сөздерді естіген кезде денеңіз біртүрлі тітіркеніп кетпей ме? Алайда мұқият ойланып қарасаңыз, мына баланың сөзінде қате бар ма?


Жақын адамының дүние салуы, кейде керісінше  ол өзі кеткен кездегі  бізге әкелетін қайғысына жетпейді. Себебі адам өлмесе болмайды және ол өздігінен бізді тастап кетпейді. Өлген адамның атынан айтар болсақ , ол өмір сүріп жатқан адамға қарағанда кетуге қажеті жоқ емес, шынымен де осы өмірден кетеді.


Қазіргі замандағы адамдардың тек қана тырысумен жұмыс жасағанға ғана  сүйенуі жеткіліксіз,адамдар тобынан озып шығуында ең бастысы бұл ақыл беру.


Мұндай жағдайдағылардың тең жартысы ақыл беруге жатпайды.


Ақыл беру


Осы күндері жанұяммен әңгімелесіп отырған кезде, тасбақа мен қоянның арасындағы жүгіру жарысы жайлы әңгіме қозғалып кетті, 17 жастағы ұлым ойламаған жерден былай деді: «О Құдайым! Әке! Сен әлі де осы әңгімеге сенесін бе,бұл мүлдем ақылға қонбайтын іс қой! Қоян ұйықтап жатқан кезде, тасбақа жеңеді деп ойласақ, бұл міндетті түрде қысқа қашықтықтағы жарыс деп есептейміз, егер марафонға өзгертер болсақ тасбақа жеңіске жетеді деп ойлайсың ба? Қоянның ұйқыдан тұрмауы мүмкін емес, тек қорқып тұрғаннан соң оның ішкі дүниесі жақсарып, одан бетер тез жүгіріп кетеді».


«Сенің айтуың бойынша тасбақа ешқашан жеңіске жете алмайды ма»,- деп мен сұрадым.


Сөз жүзінде болмаса әрине, сенің бұл айтып тұрғанын адам мен құсты салыстырғанда қайсысы жылдам ұшады дегенмен бірдей, тіпті салыстыруға келмейді! Баласы айтты: «Бірақ ұшақ ойлап табылды ғой, құстан әлдеқайда жылдам ұшпай ма.Сондықтан тасбақа да жеңіске жете алды, тек көшеде жүретін көлікке отырса болады».


Сен осы тасбақа мен қоянның жарысында тасбақаны көлікке отырғызып қоймақшысың ба?


Несі бар екен? Қазір көлік құрылғыларының заманы ғой! Әке мектепте математиканы оқыған кезде өзіңмен бірге калькулятор апара алар ма едің?


Ол кезде әлі жоқ еді ғой ол нәрсе, тек санау болатын, егер калькуляторға сүйенетін болсақ одан қандай білім болар еді?


Сондықтан сенің көзқарасын  ескірген! Біздер бүгін математика сабағында барлығымыз калькуляторды алып қолданамыз. Баласы күліп былай деді: осындай бәсекелестіктің өрбіп тұрған кезінде сен онда компьютерді де пайдаланбай- ақ қой жарай ма? Кәрі әкем ай! Қазір бұрынғыдай тәңір күшіне сеніп жүретін заман емес қой! Түсінігі бар адамдар қазіргі заманға сай құралдарды қолданады. Амалын тапсаң ғана жеңіске жетесің!


Талқылаудың нәтижесінде тасбақа мен қоянның жүгіру жарысы жайлы мысалды өзгертетін болдық. Қоян бар күшін салып жүгіріп бастады, тіпті демалуға да батылы бармады, бірақ тасбақа түк те асып- саспай телефон соғады. Көп ұзамай такси орталығынан, тасбақа шақырған такси келед. Тасбақа бірнеше минуттан кейін қояннан озып кетеді!


Әңгіменің бізге үйрететіні, тек батылдық пен еңбекқорлыққа сүйену жеткіліксіз! Осы заманда ең маңыздысы ақыл беру!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу