22.12.2021
532
Анашым, мейрамыңызбен!
Мейрамыңыз құтты болсын, анашым,
Әр көктемде ақ тілекпен тербеткен.
Құтты болсын шаттығына бөлейтін,
Сегізінші наурызыңыз кеп жеткен.
Көңіліңіз жайма шуақ гүлденсін,
Ғұмырыңыз жан анашым ұзақ боп.
Бұл мереке бақ-береке әкелсін,
Қиындықтар сізден алыс, жырақ боп.
Амандықта ортамызда жүріңіз,
Сәтті болып анашым әр күніңіз.
Мерекеде жан анашым бар сізге,
Ұсынатын шын жүректен гүліміз.
8 наурызға тілек 8 наурызға тілек анаға анама 8 наурызға тілек анама тілек Анаға тілек әйелдер күні әйелдер күні 8 наурыз құттықтау 8 наурыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter