22.12.2021
  334


Автор: Жібек Ысқақова

Мерекеңізбен анашым

Сегізінші наурыз ашты есігін,
Айналаны қуанышты, нұрлы етіп.
Бұл мереке шаттық сыйлап анашым,
Күніңізді жіберсінші гүлді етіп.

Күн шуағын сыйлай берсін бұл көктем,
Бұл мереке ортамызға кеп жеткен.
Жан анашым құлпырсыншы бағыңыз,
Жаныңызды әсем әуен тербеткен.

Жан анашым шаттаныңыз, күліңіз,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Мерекеден мерекеге жетіп сіз,
Сәттілікте өте берсін күніңіз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу