Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.12.2021
202
Ағалы
Түзде ешкім тиіспейді ағалыға.
Қосады қара құндыз жағалыға.
Қосады қыста мұздан таймайтұғын,
Ал жазда тасырқамас тағалыға.
Кеспейді жолын ешкім ағалының,
Санатты бірі санап бағалының.
Текешік мұрындарды қытықтайды,
Жұпары желдей есіп самалының.
Алды ашық ағалының көлденеңнен,
Өтеді көңлін демдеп өр дегеннен.
Тайраңы, тарпаңдығы тез таусылып,
Талғажау кешірер күн шөлдегенмен.
Қадірін білсе інісі ағасының,
Санаты оянғаны-ақ санасының.
Есейіп ерте ер жетсе ағасынша,
Таймайтын беріктігі тағасының.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter