Өлеңдер ✍️

  21.12.2021
  213


Автор: Естеу Нүсіпбеков

Уыз сүті қос анамның

Мешін жылы ақпандатқан,
Ақ түтекте туыппын.
Ақ құндақта сезе қоймай,
Не екенін де суықтың.
Ауғын атам қуаныпты,
Шаңырағына шайқалған.
Шаншылатын болғанына,
Үміт тірер уықтың.

Әжем менен қос шешемнен,
Кем көрмеппін әлпешті:
Кекірелеп,
Кезек-кезек
Еміппін де ақ төсті.
Қың деместен бесігімде
Өткізіппін бар кешті.

Содан шығар зейіл-зердем,
Мінгені ұстап Ұстамды.
Содан шығар абыржусыз,
Кешіп аттап қыстаңды.
Сақтауым да сабырлылық,
Байыздылық нұсқамды.
Тептіргенім қызыл көзді
Мысық ниет Мыстанды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу