Өлеңдер ✍️

  15.12.2021
  500


Автор: Саттар Ерубаев

Көмір жырынан

Біздің жігер ойын түзеп алып күні,
Техника мен қаруланды өндіріс.
Еңбек өніп, Норма толып, Артық беріп,
Шалқып ағып шыңға шыққан біздің іс.
Қуанышқа, шын ниетпен кіреміз,
Ұйымдасып еңбек туын тігеміз.
Жауапты іс, маңызды күш,
Құлпырып түс,
Ұйымдасып еңбек туын тігеміз.
Қайлашылар, қара алтынды өндіріп,
Көмір вагон, сыртқа тау боп төніп,
Вагон - вагон көмір енген
Күш-жігермен
Ұлы іске машиналар жегіліп.
Тау боп алып толды
Көмір азығы
Ұлы жарыс күтіп тұрды дабылы.
Ер жүректі, бір плектр
Жұмыскерлер
Жер жүзіне болмақ еңбек қазығы.
Көре тұра, қаскүнемдер көрмейді.
Жалқаулар да жылау күйін тербейді.
Біздің қарқын, жалын - жалқын,
Екінші алқым
Еш уақытта оларға жол бермейді.
Еңбек ері майданда оттай жалындап,
Жер астында машиналар зауылдап.
Түлеп асыл тұр боп жасыл
Қайла төсін
Техникалау жаңа жолмен дауылдап.
Жарқылдатып қайланы
Майданда ойнашы!

1934




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу