Өлеңдер ✍️

  15.12.2021
  187


Автор: Саттар Ерубаев

Комбайн туралы жыр

Өлке!
Жиырма жылдың бойында.
Өсіп ем - ау, қойныңда,
Жылдар жылжып өтсе де,
Болдың-ау, сен ойымда.
Қолтығыңда жүріп ем,
Қырың менен ойыңда,
Жиырма жылдың бойында,
Өстіп ем - ау, қойныңда.
Бірақ кетіп оқуға,
Жырлар жырлап беріп
Кім өзгертер жайында.
Бүгін міне төбеңде,
Самолеттер көк тепкен.
Үйреніскен, сіңіскен,
Екі таныс ежелгі,
Қара құстай боп кеткен.
Сайын менен салаңда,
Машина жүр ат жеккен.
Тай туласа, жел тұрса,
Үйреншікті емес пе.
Қай қазаққа айтсаң да.
О да сондай демес пе,
Тракторда қырманда,
Көзіммен көрдім бағана,
Сүйкеніп тұр бір түйе,
Қарасам сол арада.
Атасы бір төрт аяқ,
Төбесін ескен малдай-ақ.
Қойындасып қорада,
Төрт түлік малдан басқа мал
Біліп пе еді далаға...
Осыларды ойласаң,
Жырламасқа бола ма!
Ауыл сырты қырманға,
Бардым кеше қонаға:
Ақырып жолдас, ақынға
Тоқ қырманның басына
Жақындауға бола ма? ...
Қырман бір үлкен сағатты
Тынбай соғып айналады.
Сағатқа қарап қолдары
Ақынның көңілі жайланады.
Комбайн құсады бидайды –
Қызыл алтын тау болады.
Жырлап беріп дегендей,
Ақынның көңілін аударады.
Қырман басы қым-қиғаш
Еңбеккүнін жаудырады.
Астық құсқан комбайн
Ақынның көңілін аударады.
─ Жолдас, оқыған - комсомол
Менде де еңбек күші бар,
Тетіктерді бұғайтын
Ақынның да жыры бар.
Қырман жырын басқарар
Екпіндіні біліп ал,
Астықты жақсы қорғауға
Сені қойса күзетке,
Астықты жақсы жырлауға,
Менің - дағы өлеңім
Оқытқан, оңдап түзеткен.
Жұмыссыз мұнда ешкім жоқ
Кімге де болса іс береді.
Менің - дағы өлеңім
Тоқ басында естіледі.
Ақырын, жолдас, ақынды
Комбайнға жіберіпті.
Бетін бұрып кішкене
Тоқта тұрған «торайғыр»
Менен хабар біле ме?
Үстіндегі иесі,
Сауырынан сипауға
Маған рұқсат бере ме,
Тоқта тұрған «торайғыр»
Ауыздыққа көне ме.
Тоқта тұрған «торайғыр»
Ауыздығын шайнай ма,
Тепкілеп, теуіп бауырын,
Бүлкілдетіп сауырын,
Сары сабақ сабанды
Талқандамай қоймай ма,
Барабаны жем сұрап,
Төстігінен тері тамшылап,
Берген асқа тоймай ма.
Бақайшағы сыртылдай,
Бар денесі бір тынбай,
Ұршықтай еті ойнай ма.
Әдейі келген ақынды
Айғыры түсіп ойлай ма.
─ Комбайншы жолдасым
Ауыздықпен алысқан.
Жұмысқа бөгет етем бе.
Келсем - дағы алыстан.
─ Е,
Бидайың көбейсін,
Тағы туып табыстан. –
Қазықта тұрған комбайн,
Төбесінде тарпып тулады,
Бұрқылдатып тозаңды,
Қайнатқандай қазанды,
Бұлдыр буын будақтап
Ауыздығын сулады.
Бұрын ат шапса жазықта
Комбайн шауып жазықта,
Сабанды шауып, тұрады.
Комбайншы комсомол,
Заказ берді ақынға:
─ Жырлап бер – деді - жақсылап
Комбайн туралы.
─ Комбайншы жолдасым,
Алдына бидай өңгерген.
Шығармамның геройы
Сұрасаң боласың,
Іздеп жүріп кез көрген,
Ақынның сыры белгілі,
Геройын іздеп қырманға,
Ақын едім мен келген.
Жырым маған еңбеккүн,
Тер ақыға тең көрген.
Жиырмаға келсем де
Геройымды іздемей,
Қарыздар едім өлкеме,
Өз тізгінін меңгерген.
Мен бір жырлап берейін,
Өзіңменен, жолдасым,
Комбайнды мен көрген.
Комбайншы содан соң,
Комбайнын басқарады,
Қырман соғады сағаттай.
Бос қимылдар тасталады.
Қас қарайып, күн батып,
Жамбасын жерге жастанады.
Шығыстан шығып бір екпін,
Шөп майысып жасқанады
Сонымен «Комбайн,
Туралы жыр» басталады.
Сонымен, жолдастар,
Комбайн жыры басталады.
Бұл жыр бүгін басталмайды
Он алты бұдан жыл бұрын
Апан болып басталады.
Комбайнның жырлары
Он жетінші жылдары,
Дауыл болып басталады.
Даламдағы дауылды,
Дауыл басқан ауылды,
Ішінен өзі басқарады.
Айта берсең бұл жырдан,
Ол ауыл да жас болады.
Бұл жыр бізге келгенше,
Неше - неше жыл өткен.
Жылжып - жылжып жыл өтіп.
Жігерлілер жыр еткен.
Европада сайраңдап,
Талай көйлек кірлеткен,
Комбайн жыры, жолдастар,
Орын алған жүректен.
Талайдың есін тандырып
Талайды жүдеткен.
Барлық Батыс ашынып,
Ара жігі ашылып
Күннен күнге үдеткен.
Комбайн жыры күресте,
Есі кіріп ер жеткен.
Отыз жыл бұрын екпін боп
Ресейде желдеткен.
Отыз жыл бұрын партия
Комбайн жырын тербеткен.
Бұл жырды қалай айтуды
Ресейге үйреткен.
Жыр соңында жүрем деп
Талай-талай ер кеткен.
Басталуы бұл жырдың
Бұдан да, жолдас, арыда
Бұл жырдың қаны жүректе,
Жүгіріп жүрер тамырда.
Манифестін оқышы,
Комбайн жыры басталған,
Карл Маркс барында.
Комбайн жырын ендеше сін
Карл Маркс бастаған.
Комбайншы Есберген.
Комбайнға мінсін деп
Манифестін тастаған.
Қазақ аулын нұсқаған.
Комбайншы құрдасым,
Тоқ тетігін ұстаған.
Сенде де арман барма екен,
Қуанышпен дос болған
Комбайншы жолдасым
Қырман тойын тойлаған.
Мынау осы комбайн
Шәуілдірге келсін деп:
Комбайншы Есберген
Үстіне оның мінсін деп.
Жүз жыл бұрын осыдан
Карл Маркс ойлаған.
Шәуілдірдей колхозды,
Көрсем деп іші қайнаған.
Қайнап қана қоймаған
Ресейден түрмеге
Азу тісін қайраған.
Қайрап қана қоймаған
Күреске елін сайлаған.
Сайлап қана қоймаған,
Жұмысшы табын - өз табын,
Капиталға майданға
Сенімді түрде жинаған.
Сондықтан жарым, жолдасым, 
Комбайн жыры басынан,
Комбайн жыры басынан,
Көп дәуірді келтірген.
Кадрлар оны мәпелеп,
Маркстің өзі өсірген.
Данышпан келіп дүниеге,
Шырмаулары шешілген.
Әлемге жайып құшағын
Кең көрініп кесілген.
Бір құшағы Париждың.
Қан қақпасы тесілген,
Қақпадан тесіп жыр кіріп,
Ескі дүние шырағын
Үрлеп жұрт өшірген.
Бірақ шықпай жүзеге
Тұлымы тұтам кесілген.
Комбайн жырын жырласам
Кеп дәуірлер тербеледі.
Қолға алынып көп қоғам,
Көп қисындар тергеледі.
Ресейде бұл жырлар
Үш төңкеріс көрген еді.
Қан қақырып дүние,
Қанды қылыш сермеп еді
Ұлы Ленин: «Бұл жырды –
Төңкерілген пролетариат
Шешіп береді» - деген еді.
Сондықтан қара шаруа,
Октябрь жасауда
Пролетарға енген еді.
Сондықтан жер қарқындап,
Қан майданға енген еді.
Төңкерілістей толқынға,
Лениннің өзі штабтан
Команданы берген еді,
Келесі күні күресте,
Пролетариат жеңген еді.
Комбайн жыры сондықтан
Жарыққа шығып өрлеп еді.

1934




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу