14.12.2021
  1003


Автор: Балаларға арналған әңгіме, оқиға

Шыдамдылық пен сабырсыздық


      Бірде Шыдамдылық пен Сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық – ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздық – ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа "Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішіп пысады, одан да Ашумен жүргенім жақсы" десе, Шыдамдылық: "өзің біл, мен Ақылмен дос боламын",- дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен Шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарынан сүрінбей күн кешсе, Сабырсыздық пен Ашу үнемі ұрыс-керіс, болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздық кері бұрылып отырады. Бір күні Шыдамдылық пен Сабырсыздық кез болады. Шыдамдылық: "Қалай тұрып жатырсыңдар?",- деп Сабырсыздықтан сұрайды. Сабырсыздық:"Ашу екеуміздің бір сәт тыныш өткізген күніміз болмады",- деп мұңын шаға жөнеледі. Сонда Ашу бұл әңгімелерін естіп, ашуланып "Досымбысың мә құшақ, қасымбысың мә пышақ",- деп жүрек тұсынан қанжарын сұғып алады. Келе жатқан Ақыл екеуінің жағдайын көріп, "Сабыр, сабыр, сабыр түбі – сары алтын",- деп Сабырсыздықты аман-есен ажал аузынан құтқарады. Ашу сол күннен бастап өзінің әрекетін түсініп, достарына алғысын айтады. Ақыл сол сәтте Ашудың жалғыздығын көріп, "Ашу - дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос",- десе, Ашу тұрып: "Жоқ, өзің маған ақыл айтпашы",- деп тағы да ашуға жеңдіреді. Шыдамдылық пен Сабырсыздық терең ой қатпарында тұрып, мынадай шешімге келеді. Әділдікті сүйеніш қылып, түймедей нәрсені реніш қылмай, Ашу "Сен болмашы нәрсеге қаһарланба, ашулансаң онға дейін сана, қатты ашулансаң жүзге дейін сана",- дейді олар. Ал, "Ақыл, сен бізге дұрыс жолды нұсқап отыр, бүгіннен бастап біз енді, адам ойындағы ақылға жеңдірерлік жандармыз",- деп ортақ шешімге келеді. Бәрі келісе кетеді. Ашу сәл бұрқанып "е, жарайды",- деп үзіле санай жөнеледі. Содан бері бұлар адам бойының ұшқыр ойындағы мәңгі өшпес, өлшенбес сәуле болып бірге тұрады. Бірақ керісіп қалатын сәттері де болады. Бұдан олар өмірдегі өз орындарын, тірек тұтқаларын түсінген сыңайлы.




                                                                                                                                Жолдаған: Байтасова Әсем Амангелдіқызы


                                                                                                                                                (Қарағанды қаласы, 21 жаста )





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу