Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.12.2021
208
Сағындырған сәулем-ай
Айналайын сүйген жар, күтем сені,
Көздің жасын ағылтып сөкпе мені.
Шәркән-ай, дәурен-ай,
Сағындырған сәулем-ай.
Жаңбыр тисе жайнаған жаз гүліндей,
Көздің жасы - жарыңа жүрек емі.
Шәркән-ай, дәурен-ай,
Сағындырған сәулем-ай.
Күткен сәулем, жеттік біз ұлы тойға,
Жеңіс, шаттық күш берді ақыл-ойға.
Шәркән-ай, дәурен-ай,
Сағындырған сәулем-ай.
Құшақ жайып қарсы алам,сүйген қалқа,
Жүрек кілті табылар осы тойда.
Шәркән-ай,дәурен-ай,
Сағындырған сәулем-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter