Өлеңдер ✍️

  13.12.2021
  251


Автор: Жанбай Өзденбаев

Жаңа жыл, шырша


Жаңа жылда, шыршада
Шалқытыппыз біршама-
Байпақ қайда, бас қайда?
Су жетпей тұр мұршаға.

Шампан аштық баршаға,
Шашу шаштық қаршаға.
Есіркеуге ескіні
От тамыздық аршаға.

Ақ шаһарға жол салдық,
Тойладық да томсардық.
"Жарылқа" деп "келген жыл"
Жаңа таңды қарсы алдық.

Тағы да бір ғасырды
Уақыт қырдан асырды.
Тылсым айғақ сан сырды
Болашақтан жасырды.

Өткен жылдар қаншама
Тепкі, тезге салса да
Өмір деген шіркіннен
Шалдықпа достым, шаршама.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу