Өлеңдер ✍️

  13.12.2021
  1903


Автор: Жанбай Өзденбаев

Әскерге кетерде

Сөзін толтырған Жанбай Өзденбаев
Әні - маған белгісіз композитор

Мен бүгін солдат боп барамын,
Бір кезде капитан боламын.
Әлпештеп өсірген анамды
Әрдайым есіме аламын.

Қайырмасы:
Анашым, анашым, анашым
Мәпелеп өсірген баласын.
Ең алғаш әскерге кетерде
Көзіңе жас алып қаласың.

Көзіңе жас алып қамықпа,
Ұлың жүр сарбаздық жорықта.
Түсермін сан алуан сынаққа
Бірақ та мен үшін қорықпа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу