Өлеңдер ✍️

  12.12.2021
  287


Автор: Тілеуғазы Бейсембеков

Жеті нота

Жеті санын халқымыз
Қасиетті санаған.
Қадірлеген салтымыз,
Жақсылыққа балаған.

Аптада бар жеті күн,
Демалысы соңында.
Білсең нота тетігін,
Жетеу – саны оның да.

«До» дегенің – дүйсенбі,
«Ре» – сейсенбі емес пе?
«Ми» дегенің сәрсенбі,
Сақта мұны сен еске.

«Фа» – бейсенбі, «соль» – жұма,
«Ля» дегенің – сенбі күн.
«Си» – жексенбі, болды ма?
Таласады енді кім?
Далам – ән мен күй елі,
Әр күніміз – думан-той.
Жеті күннен киелі –
Жеті нота туған ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу