Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
10.12.2021
156

Күшігім
Қорқамысың Жүрсіннен,
Әлде ұмыттың сертіңді?
Неге әкелмей тұрсың сен
Лақтырған бөркімді?
Қос құлағың салпаңдап,
Емес ең ғой ашқарақ.
Әр ауызға бір қарап,
Тұрғаның не бос қарап?
Әкеле ғой, қане, бар,
Таныт алғыр пысық кеп.
Күлмесінші балалар
Тым тілазар күшік деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇