09.12.2021
  183


Автор: Сандыбаева Айша Сейітқалиқызы

Қазақстандағы ЛГБТ өкілдері

ЛГБТ – дәстүрлі емес сексуалдық бағдардағы адамдарды біріктіретін термин.


 


Қазақстанда 1998 жылдан бастап ЛГБТ қауымдастықтары заңы қабылданған. 2009 жылы жынысты өзгерту операциясына рұқсат етілді. Ірі қалаларда гей-клубтар, қоғамдық бірлестіктер қауымдары бар.


 


2013 жылы Қарағандыда алғаш рет гей-парады өткен.


 


Бірақ іс жүзінде гомосексуалдар толық құқықпен қорғалынбайды. Қазақстандықтардың 80%-ға жуығы бұл құбылысты айыптайды. Әрбір 4 гей немесе лесбияндар қоғамда физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.


 


ЛГБТ өкілдерінің көпшілігі өздерінің гендерлік ерекшеліктерін үйде, жұмыста жасыруға мәжбүр.


 


2014 жылы Алматыда гомосексуалистерге қарсы митингі өтті. Бұл оқиғадан кейін 2015 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Біржынысты некеге де заңмен тыйым


салынған.


 


ГОМОФОБИЯНЫҢ ТҮБІ ҚАНДАЙ?


 


Психолог Үйсімбековтің айтуынша «гомофобияның қалыптасуына стереотиптік ойлау әсер етеді»- деді


 


– Мысалы, еркек осындай болу керек, әйел осындай болуы керек деген талаптардың тізімі бар. Ал консервативті қоғамда, егер ЛГБТ+ өкілдері немесе сыртқы келбеті жарқыраған адамдар өздерін мәлімдесе және олардың мінез-құлқы ерлер мен әйелдер туралы қалыптасқан идеялардан өзгеше болса, онда олар агрессивті түрде сынауға бастайды және олар күштеп «түзетуге» тырысады.- деп есептейді Үйсімбеков.


 


 


         Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің журналистика факультетінің 1 курс студенті Сандыбаева Айша




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу