Шығармалар ✍️
Мамандық-маңызды таңдау!
Адам өмірінде тек екі таңдаудан қателеспеу керек деп жатады. Соның бірі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Олай айтылудын себебі мамандық таңдау адам өмірінде үлкен рөлді атқарады. Адам өзінің қабілетіне қызығушылығына қарап және де жүрегінің қалауымен мамандығын таңдау керек.
Қазіргі таңда мамандықтардың түрлері көп. Бірақ мамандық таңдау оңай емес. Себебі, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты.
Әлем де 40мыңға жуық мамандық түрлері көп. Осы мамандықтардың ішінен өзім таңдаған мамандығым Журналистика. Өзім үшін мамандық таңдау қиын болды десем де болады.
Себебі, таңдаған мамандығын болашағына тікелей байланысты. Өзімнің қалауымен таңдаған мамандығыма өкініш жоқ. Журналистика мамандығы қиындығы мен қызығы мол, жан - жақты білімділікті талап ететін мамандық. Журналист мамандығы қаншалықты көп нәрсені талап етседе, қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter