06.12.2021
  986


Тұғырлы тәуелсіздігімізге 30 жыл

Тәуелсіздік тірегім деп ұрандар.


Туған елім жүрегім деп жыр арнар.


Болашаққа үрке қомдап қанатын.


Өсіп жатыр, елін сүйген қырандар.


 


З0 жылда қиындықтар болсада.


Жетіп келер ақ арманға жол сала.


Елін, жерін шын жүректен сүйетін.


        Жалындаған жастарым тек шаршама.Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.


Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.


Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.


Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.


Бүгін міне, тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.


Осының бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 34 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз.


Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент.


Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға ұқажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері тұңғыш президентіміз, Елбасының есімімен тікелей байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді.


 


Президенттің мерекесі мерейлі.


Барлық жанды қуанышқа бөлейді.


Әуелі Алла, және біздің президент.


Әрдайымда бар қазақты демейді. Ия қаншама қиындыққа қаймықпай, барлық шешімді бейбіт шешу, жалындаған жастарға көп мүмкіндік жүктеп, шетелге оқуға жіберу, әр түрлі дамыған оқу орындарын, жеке кәсіптерді ашуға елбасымыздың берген талаптарында толып жатыр.


1 желтоқсан тұңғыш президент күні.Елбасымыздың айтып өткенімдей сіңірген еңбегі орасан зор әрине.Қазіргі таңда президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевта елбасымыздың ізін жалғастырып,елімізде жайлы өмір, жарқын болашақ қалыптастыру үшін, келісімшарттар жасап, түрлі салаларды дамытып, бар күш-жігерін сарпуда.Егемендігіміз мәңгілік жалғасып,ел үшін аянбаған президентіміз аман боосын. Әр қазағын жалғыз көріп, жан дүниесімен жақындарын жақсы көретін елін, ұлтын сүйген Ұл-қыздарымыз көп болсын.


Ануарбек Алуа


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.


Баспа ісі 2 курс




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айнұр
Айнұр 06.12.2021 22:43
Керемет,биіктерден көріне бер???
06.12.2021 22:29
Оте керемет
Айко
Айко 06.12.2021 21:50
Жарайсың ???
Керемет.
Керемет. 06.12.2021 21:47
Жарайсың
Касенова Майра
Касенова Майра 06.12.2021 21:46
Керемет мағыналы шығарма!
Гулжамал
Гулжамал 06.12.2021 21:44
Керемееттт??????
06.12.2021 21:37
Керемет, биіктерден көріне бер
Света
Света 06.12.2021 17:45
Оте керемет жазылған талабыңа нур жаусын кызым
Кулян
Кулян 06.12.2021 16:57
Талабына нур жаусын. Керемет!
Медет
Медет 06.12.2021 15:59
Жарайсың
Халдар Асенұлы
Халдар Асенұлы 06.12.2021 15:33
Тамаша жазылған тауелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуіміз қажет
Құралай
Құралай 06.12.2021 15:17
Жарайсың Өте керемет жазылған.
Зинаш
Зинаш 06.12.2021 15:07
Алуа, қаламың ұштала берсін, мақалаң тартымды, ой салатын пікірлер жазыпсың Тек алға ,
Роза
Роза 06.12.2021 15:05
Жарайсың! Биіктерден көріне бер
Майраш
Майраш 06.12.2021 14:53
Тәуелсіздігіміз - біздің бағымыз, тәуелсіздігіміздің дамуына үлесін қосып жатқан осындай өрендеріміз көп болсын!
Айнур Куанышевна
Керемет! Өзің сияқты жас өскелең ұрпақ барда Тәуелсіздігіміз баянды болмақ.Қанатың талмасын,қаламың ұштала берсін!
Самал
Самал 06.12.2021 14:46
Жарайсың! Мағыналы екен.
Гульнафис
Гульнафис 06.12.2021 14:44
Жарайсың??????
Күлән
Күлән 06.12.2021 14:41
Өте жоғары деңгейде мәнді,мағыналы жазылған шығарма екен.Тамаша!
Гульнафис
Гульнафис 06.12.2021 14:41
Керемет! Ақ жол ??????????
Ақнұр
Ақнұр 06.12.2021 14:40
Тәуелсіздік туралы мәтін өте жақсы жазылған. Маған қатты ұнады
Орынтай
Орынтай 06.12.2021 14:32
Өте керемет жазылған
Орынтай
Орынтай 06.12.2021 14:31
?
Айым
Айым 06.12.2021 14:29
Өте керемет ?жарайсың биіктерден көріне бер
Құралай
Құралай 06.12.2021 14:23
Өте керемет жазылған .Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Ақарыс
Ақарыс 06.12.2021 14:22
Мәтінде ізденіс көп
Рабига
Рабига 06.12.2021 14:16
Мәтин өте жаксы сауатты.жазылган.

Пікір жазу