Өлеңдер ✍️

  03.12.2021
  239


Автор: Дилбар Маликова

Ой келеді мазасыз...

Ой келеді мазасыз жанымды жеп,
Қызғаныш пен артады күмәнді тек.
Бір ой ақтап жанымды жұбатады,
Бір ой даттап жылатар кеудеме кеп.

Жек көруге бола ма, жақсы көріп?
Жүргеніңде сезімге кәміл сеніп.
Арпалысып ар менен тәкәппарлық,
Жүрек қана жылайды ерік беріп.

Ұмытуға бола ма, күліп тұрып?
Жек көруге бола ма, сүйіп тұрып?
Жүруге де, бола ма бұлқынғанда,
Жүрегіңді сүюден тыйып тұрып???

Айтыңызшы?!
Жек көруге бола ма, сүйіп тұрып....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу