Өлеңдер ✍️
ҚАЙРАН МЫСЫҚ
Бар еді біздің үйде бір ақ мысық,
Тимейтін, қазанда сүт тұрад пісіп.
Күн бойы пыс-пыс етіп пеш түбінде,
Жататын екі көзін бір-ақ қысып.
Түн бойы тықыр тыңдап тұратұғын,
Тышқанды тып-тиғыл ғып қыратұғын.
Себепсіз сотқар інім бірақ-бірақ,
Мысықты мияулатып ұратұғын.
Қашанғы шыдай берсін бұл зорлыққа,
Мысық та тумаған ғой қу қорлыққа?!
Бір күні сол ақ мысық таяқ жеп ап,
Жоқ болды қарғып түсіп бір қорыққа...
Ақ мысық сол кеткеннен қайтпады үйге,
Ақ мысық арызыңды айтпа биге.
Ата жауы ақ мысық аттанған соң,
Тышқан деген өріп кеп айттады үйге.
Үретін үйге інім күшік бақпақ,
Емес қой тышқаныңды күшік қаппақ.
Тамаққа тышқан қаптап тышқаннан соң,
Кетті ғой ауыз, басқа ұшық қаптап.
Күшік бақты, жүрді ол да айран құсып,
Тентірейді өкпесін сайран қысып.
Қадіріңді білді енді қайран інім,
Қайда кеттің, ақ мысық, қайран мысық?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter