Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  165


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ЖАСТЫҚ

Балалықта жалаң аяқ бастық құм,
Құйын құсап қырқалардан астық мың.
Желмен ұшып жоғалар-ек бір жаққа,
Қайтармаса қамалы алда жастықтың.

Лапылдаған жалын екен бұл жастық,
Сұлуларға сұқтандырар сырлас қып.
Махаббаттың виросы кеп жабысып,
Қояды екен шарапсыз-ақ құр мас қып.

Бойға сыймай тасқындаған қайратың,
Арыстандай айға шабар айбатың.
Дүбір көрсе тұра алмайтын тықыршып,
Жастық деген жарап тұрған бәйге атың.

Мейлі оны сезім желік алдасын,
Бірақ тәңір басыңа күн салмасын.
Тасқа шауып быт-шыт қылар бірдемде,
Жарқылдаған жастық қылыш алмасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу