Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  162


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ҚАЙРАН «АҚҚУ»

Отырғаным он батпан ойға батып,
Өмір бойы ойға сен тойма бақыт!
Аққу көргем кеше мен көл бетінен,
Бүгін барсам бір мерген қойған атып.

Кеше мылтық мен де оған кезеп көргем,
Аққу құсты қия алмай тез өтпегем.
Арым жылап атпа деп ара түсіп,
Бейуаз жүрек безілдеп-безектеген.

Қасиетті Аққудың аян маған,
Қимай үйге құсымды аяңдағам.
Мені жолға тасадан салып қойып,
Аққуымды атты екен қай оңбаған?!

Салды қайғы санама сайрап аққу,
Қалса еді сол, қаныпезер жайрап-ақ, қу!
Қимайтын бір жан барын білмей мүлде,
Қапыда кеттің сұлу қайран Аққу!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу