Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  163


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

АЙНАЛАЙЫН АҚЫНДАР

Айналайын ақындар аяулылар,
Ақын жаны ақпейіл аяу құмар.
Ала-қүла қылықпен адамдар-ай,
Ақын жанын аямай қаяу қылар.

Ақын деген дарабоз, дара халық,
Жыр тұлпарын жүйткітіп барады ағып.
Кейде ақын кінәсіз киіктейін,
Жарым жолда жатады жараланып.

Ойнай кетсе пәк үнді, бала да олар,
Ойлай кетсе кәдімгі дана да олар.
Бала болып өкпелеп қалады олар,
Дана болып көп керек табады олар.

Айналайыи ақындар ақы.лдылар,
Шындығыңды айтуға батыл бұлар.
Тағдырмен де тартысар тарамыстай,
Өліп-өшіп өмірге ақын құмар.

Ақын деген аспа-төк қиялға бай,
Отыратын күні жоқ қиялдамай,
«Қайран халқым» дегенде қарс айырылып,
Қараңғы ой қазақтан ұялды Абай.

Айналайыи ақындар сүйіктілер,
Сұлу жырды аймалап сүйіп түлер.
Жер жыласа жылайтын куйіктілер,
Ел бақытын бәрінен биік тілер,
Айналайын ақындар сүйіктілер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу