Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.12.2021
139
ТҮНДЕ
Бітіп жатқан шамалы жұмыс күнде,
Телміргенмен түк шықпас күміс күнге.
Шабыт құсым шарқ ұрып шыға келер,
Қалам алсам қолыма тыныш түнде.
Жырларыма болғаны бар қыз қарық,
Теріс қарап қалды ұйықтап жар қызғанып.
Терезеден телміріп жүлдыздарға,
Жүрек үнін тыңдадым жалғыз қалып.
Меңіреу түн мелшиіп менсінбеді,
«Қандай алып болса да келсін!» деді.
Сүйген жүрек сыбырлап сертін беріп,
«Маған мәңгі сүйгенім сенсің!»-деді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter