Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.12.2021
171
Құлыным-ау!
Жалғыздықтан жалықты жаным әбден,
Желпінбейді желікке жанығанмен.
Таба алмай-ақ, келемін жаныма ем,
Бара алмай-ақ, қойдым-ау жаныңа мен.
Аттап басар аяқтың сұры мынау,
Бірі мазақ сияқты бірі бұрау.
Енесінен еметін ерте айырылған,
Қайда жүрсің кісінеп құлыным – ау?!
Жалғыз тұяқ қуатым құлыным-ау,
Мен де әкенің ізбасар ұлымын-ау.
Құлыным-ау, әкеңнің сұры мынау,
Айтарға тек амалсыз тірімін-ау!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter