Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  127


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Кеш

Бір күнімен басқашалау бір күнім,
Аспанымда айым жүдеу тұр бүгін.
Алпарысып ауру – ажал азаппен,
Өтіп жатыр қайран қымбат тірлігім.

Босқа өткізіп бүгін менен кешемді,
Ала алмадым тағдырымнан есемді.
Баға алмадым азамат боп қайтейін,
Қырығында қырау шалған шешемді.

Ойын-күлкі... бәрі маған жат енді,
Қайда барып түзетемін қатемді?!
Баға алмадым азамат боп қайтейін,
Елуінде егде тартқан әкемді!..

Тәңір маған сыйламаса кеселді,
Бағар едім әкемді де, шешемді.
Кемелімде бір керегің болмадым,
Кеш, туған ел, кемтарыңды кеш енді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу