Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  221


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ӘЙЕЛ

Әсем әуен әйел деген ат қандай?!
Астарында алапат күш жатқандай.
Айсұлулар, Ақботалар...Ақмаңдай,
Ажарынан алтын нұр – таң атқандай.

Күн нұрынан жандарына нәр алған,
Әйел – алау қызғалдақтар әр алуан.
Әйел – аққу айдынында таранған,
Сұлулық пен нәзіктіктен жаралған.

Әйел – арман, Әйел – тәтті сағыныш,
Жәй таппайды олар жоқта жанып іш.
Әйел – Бұлақ кәусарынан қанып іш,
Алып ұшсаң әйеліңе алып ұш!

Әйел – бақыт, іздегенің шарқ ұрып,
Желікпе ерлер, қолда бақыт бар тұрып.
Еркелесе мойныңа кеп асылып,
Сар уайымың сап болады сарқылып.

Әйел сыры таусылмайтын сыр еді,
Әйел – Ана тіршіліктің тірегі.
Ана,ана!.. Ана жердің жүрегі,
Жүрегі жоқ қайтып өмір сүреді ?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу