Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  172


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

СЫРЫҢНЫҢ ТЕРЕҢІНДЕ...

Сырыңның тереңінде ұйып, талдым,
Алдыңда сөз айта алмай тұйықталдым.
Беті аулақ десем-дағы беттен басып,
Қарғам-ай, сірә өзіңді сүйіп қалдым.
Жалыққан жауынгердей ұрыс көрмей,
Жүр едім тымырсық күн тыныс бермей.
Жүрегім сені көріп аунап түсті,
Құладым аттан ауып, у ішкендей.
Сымбатың сиқырлы орман маралындай,
Жүректі тіліп түскен жанарыңды-ай.
Шаһарын Талдықорған таң қалдырып,
Қасымда қалқып жүрдің, уа, дариға-ай!
Көргенде қыр астынан бесінді анық,
Кенеттен болып кетті кешім жарық.
Қарғам-ай, қарсы алдымда қиыласың,
Еркелеп, елес құсап есімді алып.
Өзгеше рауандап таң реңі,
Апырай, көрсетпекші тағы нені?..
Көктемде Сені маған көздестірген,
Жалған-ай, дүние неткен жарық еді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу