Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  159


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

САҒЫНУ

«Я по вас... соскучилась...»
Г.



Жаным, сені сағыну –
Санаға мұң тамызу.
Оңашада ой кешіп,
Әлденеге қамығу.
Жаным, сені сағыну –
Күйкі өмірден жалығу.
Пәк қиялмен көкке өрлеу,
Сосын шаршау, талығу.
Жаным, сені сағыну –
Мұңнан алқа тағыну.
Махаббаттың мазасыз
Қосып ішу балына у.
Жаным, сені сағыну –
Ғашықтыққа табыну.
Кездесетін сәтті аңсап,
Тағдырға іштей жалыну.
Жаным, сені сағыну –
Тылсым күшке таңылу.
Махаббаттай құдіретке,
Басыңды иіп бағыну.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу