01.12.2021
  752


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жыл құтты болсын інім!

Жаңа жылдың ақ таңы атты міне,
Құтты болсын жан інім жаңа жылың.
Жаңа жылың сыйлап міне қуанышын,
Сыйлап жатыр жан інім жаңа күнін.

Бұл жаңа жыл сыйласын бар бақытын,
Жаздай болып жадырап, жаның жайнап.
Арайлы таң сыйласын шапағатын,
Бар жақсысын бауырым саған сайлап.

Осы жылы орындалсын армандарың,
Шаңырақтың шаттығы жанды тербеп.
Сыйластықтар арта берсін жоқ боп уайым,
Жылы-жылы сөздермен жанды емдеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айкөркем
Айкөркем 25.12.2024 19:47
Сннгашв

Пікір жазу