01.12.2021
  338


Автор: Жібек Ысқақова

Қарындасым, жаңа жылыңмен!

Ашық-жарқын мінезің баурап алар,
Әрқашанда қарындасым алда болар.
Құтты болсын жаңа жыл есік ашқан,
Барша адамға жаңадан үміт жағар.

Бұл жаңа жыл табысты жылға айналсын,
Қуанышың, шаттығың бірге үндесіп.
Қарындасым қарлығашым айтарым сол,
Жаңа жылда жүрейік күлімдесіп.

Сен қуансаң қуанамын, шатттанамын,
Бақыт тапсаң өмірден, бақ табамын.
Осы жылы мақсатың, армандарың,
Орындалсын шырқалып асқақ әнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу