01.12.2021
  537


Автор: Жібек Ысқақова

Әкешім, жаңа жылыңызбен!

Асқар таудай әкешім пана болған,
Әрқашанда біз үшін дара тұлғаң.
Құтты болсын жаңа жыл, жаңа жасың,
Қуанышпен есікті қағып тұрған.

Жаңа жылда бар жақсылық орнай берсін,
Жан әкешім асылым сенсің панам.
Саулығыңыз мықты болып әкетайым,
Сәттілікте жалғансын әрбір қадам.

Жаңа жылдай көңіліңді ән тербесін,
Жаңа күнде тербетіп шаттық, бақыт.
Асқар тауым әкешім сен аман бол,
Бар бақытын сыйлап сізге жаңа уақыт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу