01.12.2021
  430


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңыз құтты болсын анашым!

Әрбір жылы келетін қуандырып,
Құтты болсын анашым жаңа жылың.
Шаттығына бөлейтін таусылмасын,
Әуенімен тербейтін ән мен жырың.

Жаңа жылда кенеле бер мол табысқа,
Жан анашым еселеніп қуанышың.
Жаңа күнге біздерді жетелеген,
Отбасының таусылмас жыр, әнісің.

Жаңа жылдан сіз жетіп жаңа жылға,
Ғұмырлы бол анашым, жасың ұзақ.
Амандықта болшы анашым әрқашанда,
Сағынамыз кетсек біз сізден ұзап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу