Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.12.2021
230
* * *
Қас пен көздей жақын еді арамыз,
Бұл өмірдің қиястығын қараңыз:
Сен Батыста, мен Шығыста жүргендей,
Бірте-бірте алыс кетіп барамыз.
Кеудемізге айырбастап қуысты,
Жарқын күндер жайлап артқа жылысты.
Кеше ғана мәңгі бірге сияқты ек,
Мен білмеймін, неге арамыз суысты?
Менің сорым, жолдасыңның бағына
жаралғансың, осында бар мағына.
Жеделхатпен жіберем бе жырымды,
Туған күнің келді биыл тағы да?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter