Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.12.2021
115
* * *
Күрмеуге келмей қылығың ерке,
Күдерді сенен үздім өкініп.
Жоғалтып алған жылуын ерте,
Су да суыды сүмбіле туып.
Сүмбіле туып, суыдық біз де,
Пендедей болып пәктік жаңылды.
Жүреміз де енді жылынып күзге,
Таба алмай жаздан жастық жалынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter