Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  153


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Қара бұлт жаңбыр төккенде,
Қабырғамды сырқат сөккенде,
Сан шапалақтап көп пенде,
Өзге бір өріске кеткенде,
... Оралдым ойлы қалыпта –
Жаңалық деген жоқ менде.
Көкейді күдік тескенде,
Жолымды біреу кескенде.
Көлгірсіп жүрген көп пенде
Сеніміме уын сепкенде,
Оралдым-дағы таңқалдым –
Жаңалық деген көп менде.
Қайсыбіріне шыдайсың,
Қайсыбіріне құлайсың.
Тұнықсығанға – лайсың,
Шерменділерге – шырайсың.
Жаңалықтың бәрі – жүректе,
Қарғам-ау, несін сұрайсың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу