Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  105


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ҚАСҚАНЫҢ ҰРПАҒЫНА

Аламын деп қасқаның тас қамалын,
Тас жүрекпен қашанғы тас боламын?..
Мұқағали


Сол қасқаның бүгінгі ұрпағысың,
Сыртың бүтін болғанмен, бұрқақ ішің.
Адалсымақ көрінгің келгенімен
Арам ісің аямай құртады шын.
Ағзаңдағы арам шөп бір елі түк,
Аярлықтан жүресің күреңітіп.
Көңіліңдегі көк мұздай кесірлікті
Ай аластай алмайды-ау, күн ерітіп.
Жаннан асып бұл күнде әккілігің,
Түршіктірер жүректі жат қылығың.
Жамандық боп оралды жылдар өте
Менің саған жасаған жақсылығым.
Табағына бір адал дәм түспеген,
Ар құлағы сендегі шартық керең.
Таспен атқанды аспен ат деуші еді жұрт,
Екеуін де мен саған артық көрем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу