Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.11.2021
166

* * *
Орман – таудың қамалындай,
Талы – тоғай, аршасы – ну.
Ару қыздың жамалындай
Гүлдер неге сонша сұлу?
Өткен күндер санада тұр,
Тұман басқан тау мұңындай.
Бұлттар көшіп бара жатыр
Анамның ақ жаулығындай.
Кедергіні селдей бұзып,
Тау өзені сарқырайды.
Өтер-кетер көрген қызық,
Басы – шаттық, арты – қайғы...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇