Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.11.2021
157
ҚАРАҢҒЫ
Пессимистік элегия
Қараңғы бәрі, қараңғы,
Жаныма қайғы жамалды.
Жақсылық іздеп жалғаннан
Жүрегім итше таланды.
Қараңғы бәрі, қараңғы,
Таппадым сырлас адамды.
Мұңымды шағып жат жанға,
Қадірлеп кеппін наданды.
Қараңғы бәрі, қараңғы,
Тығырыққа ойым қамалды.
Қараңғылықтан құтылып,
Жоғалта алмадым қарамды.
Қараңғы бәрі, қараңғы,
Жоғалтар едім қарамды,
Құсадан өлер артымнан
Аяймын асыл анамды.
Қараңғы – бәрі қараңғы...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter