Өлеңдер ✍️

  30.11.2021
  201


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

АНАМА

Ұрпақтарын таралған
батасымен жебеп тек,
Етегіне оралған
немересін өбектеп.
Жетегіне ап қайда да
қиқар ұлды ойнатып,
Жүруші еді аулада
сар самаурын қайнатып.
Ақ жаулығы басында
иығында сұр жемпір,
Қазан-ошақ қасында
жүруші еді бір кемпір...
...Анам менің жоқ қазір –
аспанда жүр, жерде емес.
Жоқта жүрек, жоқта жыр,
Соның бәрі – енді елес...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Мадина
Мадина 05.03.2024 20:47
Керемет деп айтат дисіңба

Пікір жазу