Өлеңдер ✍️

  30.11.2021
  171


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ТҮС. ТАҢ АЛДЫ.

Сағыныш боп, көзден жас боп там, Апа,
Түнде түстен шықпай жүрсің, жан Апа.
Талма құсап тамыр қысып жатқанда,
Таң алдында оятасың мені, Апа.
Көңілдесің, өмірдесің сен, Апа,
Тағдырымда асқар таудай бел, Апа.
Өзіңді естен шығармайтын мен түгіл,
Сөздерінен тастамайды ел, Апа.
Ел жұртыңның қойған аты – Әл-Апа.
Ұрпағың да еске алып жүр, әз апа.
«Әжең қайда?»- деп сұрасақ, Заманбек
жауап берер: «Жайлауда жүр»-деп, Апа.
Барша ұрпағын тағдырына балаған,
Тамырыма сағыныш боп тараған,
Таң алдында оятып жүр әрдайым,
Өміріме өзек болған жан Анам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу