Туындылар ✍️
Өмірдегі басты қағидалар
"Өмір - қамшының сабындай ғана қысқа" деген сөзді жиі естіп жататынымыз рас. Бірақ бұл сөздің мән-мағынасына тереңінен үңіліп көрмеген шығармыз. Жалт етіп өте шығатын жарық дүние адам баласына бір-ақ рет беріледі. Оны абыроймен өткізу бәріміздің де басты мақсатымыз. Сол себепті осы мақсатқа жету жолында не істеу керектігін назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз.
1. Күлімсіреңіз
Сіз күлімсіреген сайын сіздің ағзаңызда эмоционалдық күйіңізді жақсартатын эндорфиндер бөлінеді. Сонымен қатар жымиып қана күлу жүйке жүйеңізді де тыныштандырады. Ал ол бізді әрқашан бақытты етеді және денсаулығымызға өте пайдалы.
2. Қайырымды болыңыз
Басым көпшілігіміз осы күнге жеткеніміз үшін шүкір айтуды ұмытып кетіп жатамыз. Ойлап қарасаңыз, айлығы шайлығына жетпей жатқан жандар қаншама. Сондай төмен адамдарға көмек қолын созудан бас тартпауыңыз керек.
3. Таза ауада тынығыңыз
Төрт қабырғада қамалып отыра бергенше, далаға шығып таза ауада серуендеп қайтыңыз. Өйткені таза ауада миыңыз тынығып, басыңыз демалады. Көптеген ғалым таза ауаның шығармашылыққа жақсы екенін айтады.
4. Өз-өзіңізге құрметпен қараңыз
Өз-өзіңізге әрқашан құрметпен қараңыз. Себебі сіз оған лайықсыз. Ұйқыңызды қандырыңыз, қалаған ісіңізбен шұғылданыңыз, сүйікті рестораныңызға барып қайтыңыз. Өзіңізден ештеңе де аямаңыз.
5. Осы шақпен өмір сүріңіз
Зымырап өтіп жатқан әр минутыңызды, тіпті секундыңызды бағалай біліңіз. Өйткені өткен шақ қайтып оралмайды, ал болашаққа батыл қадам бастау үшін дәл қазірге уақытыңызды тиімді әрі ұтымды пайдалануыңыз керек.
6. Өз-өзіңізді қорғай біліңіз
Қоршаған ортаңызға өзіңізді ренжітуге бермейтіңізді көрсетіңіз, керек болса дәлелдеңіз. Сонда сізге бәрінің де көзқарасы өзгереді.
7. Адал достар табыңыз
Өмір болғасын адамдардың түр-түрі кездесіп жатады. Кейде біреулер әдейі аяқтан шалып жатса, енді біреулері орта жолдан тастап кетеді. Сондықтан жаныңызды түсінетін, қуанғанда да, қайғырғанда да қасыңыздан табылатын адал достар табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter