Туындылар ✍️
Өмірлік ойды өзгертетін әзілдер
Өмірлік сатира дейік мұны
Өмірлік тәжірибесі, көпті көрген тұлғалар өз ойларын, қағидаларын әзіл арқылы жетізген. «Әр әзілдің бір мәні бар» демекші оқырмандар осы қағидаларды оқу барысында күле отырып, ойға шомылып кетеді. Бір оқығанда тым қарапайым не ақымақ сөздер сияқты, алайда сол сөздердің ішінде автордың ирониясы сезіледі. Күнделікті өмірдегі оқиғаларды өмір заңына сыйыстыра алған. Карма, сатқындық, сәтсіздік тұрғысын позитивті жеткізе алған.
Мексимен қағидасы
Жұмысты мінсіз орындау үшін әрқашан уақыт жеткіліксіз, бірақ оны қайта жасап шығуға адам әрдайым уақыт табады.
Фингейлдің сегізінші заңы
Топтық жұмыс маңызды. Ол сізге кінәні басқаларға жауып жіберуге және жауапкершіліктен құтылып кетуге мүмкіндік береді.
Кан және Орбен аксиомасы
Егер ештеңе көмектеспесе, бір істің шешімі табылмаса, онда, өтініш, нұсқаулықты оқыңыз!
Янг қағидасы
Ең ұлы ашылулар қателік арқылы пайда болады.
Лерман салдары
Өмірде сізге әрдайым бірдеңе жетіспей тұрады: ол не уақыт, не ақша, не денсаулық. Оның біреуі жеткіліксіз болса, онда уайымдамаңыз, ал үшеуі де болмаса, жағдай қиын.
Сегал қағидасы
Бір ғана сағаты бар адам сағаттың қанша уақытты көрсетіп тұрғанын қалт жібермей біліп отырады. Ал бірнеше сағаты бар адам сағаттың қанша екенін сенімді түрде айта алмайды, ештеңені толық білмейді.
Шұжық заңы
Шұжықты жақсы көретіндер мен заңды құрметтейтіндер екеуінің де қалай жасалатындығын көрмегені жөн.
Ван Рой заңы
Бұзылмайтын ойыншық басқаларын сындыру үшін керек.
Ричардтың өзара тәуелділік қағидасы
Сіз ұзақ уақыт сақтап жүрген затты лақтырып тастаңыз. Сіз лақтырғаннан кейін ол міндетті түрде сізге керек болып қалады.
Іздеу заңы
Жоғалған затты ойға қонымсыз әрі орынсыз жерден іздеуді бастау керек.
Харрисон постулаты
Әр ісіңізге оған қарама-қарсы тең келетін сын да, сын айтушылар да табылады.
Кәсіби практикалық Дрю заңы
Кім ақшаны аз төлесе, сол көбірек шағымданады.
Банан қағидасы
Егер сіз піспеген банан сатып алсаңыз, ол піскен уақытына жетпей, тез желініп, бітіп қалады. Ал піскен бананды сатып алған кезде оны жеп бітіргенге дейін қарайып кетеді.
Мэрфидің ғылыми зерттеу заңы
Сіз теорияңызды қорғау барысында әрқашан жеткілікті зерттеулер санын мысал етіп көрсете аласыз.
Этторе бақылауы
Көрші кезек әрдайым тезірек жылжып жатқандай көрінеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter